Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Ақпараттың жабықтығы – жемқорлықтың көзі

638 реткөрсетілді

Елордада Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ІІІ республикалық форумы өтті. Алқалы жиында «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев әкімдіктерге жер телімдері туралы ақпаратты жыл соңына дейін цифрландыруды ұсынды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы бүгінде кәсіпкерлердің түйт­кілді мәселелерін шешуге әр өңірде құ­рылған Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер көмектесетінін айтты. Аталған кеңестердің жиындары Мемлекеттік қызмет істері жә­не сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қи­мыл агенттігі қызметкерлерінің қаты­суымен өтіп тұратыны белгілі. Қар­жы министрлігі жанынан құрылған Апел­ляциялық комиссия да салықтық дау­ларды сотқа жеткізбей шешуге көмек­тесетін тиімді құралдардың бірі болып отыр. Т.Құлыбаевтың пікірінше, осы оң тәжірибені экология, санитарлық-эпи­демиологиялық қызмет, мемлекеттік сатып алулар, жер қатынастары сала­-

­ларында да, барлық бақылаушы ор­ган­дар арасында да қолдану керек. Биз­нес­тің негізгі проблемаларын, соның ішін­де сыбайлас жемқорлық белгілерін анықтауда өңірлерде жүргізілетін скри­нингтік зерттеудің де көмегі зор.

– Түркістан облысы, Ақтөбе және Атырауда қанатқақты скрининг жүр­гіз­дік. Жылдың соңына дейін скрининг барлық өңірде жүргізілетін болады. Осылайша, ауылда инфрақұрылымды әрі қарай дамыту үшін әр елді мекендегі тұрғындар мен кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерінің өзекті тізімі анықталады, – деді Т.Құлыбаев.

Төралқа төрағасы соңғы жылдары бизнеске арналған рұқсаттар саны 70%-ға қысқарып, талаптар 60%-ға азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, бизнеске бақылаушы органдар тарапынан жасалатын қысым 20%-ға төмендеген, тексеру мерзімі екі есе қысқарған. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру оң нәтиже беріп, эко­номика саласындағы тіркелген қыл­мыстық істер 5 есеге қысқарған.

Осы ретте Т.Құлыбаев бос жер те­лім­дері жайлы ақпараттың ашық жарияланбауы сыбайлас жемқорлықтың тағы бір көзі екенін айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазіргі таңда 2,3 млн гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталыпты. Мониторинг жүйесінің жетілдірілмегені, өкілетті тұлғалар жеке пайданы көздеп, мәліметтерді өзгертіп, жер телімдеріне иелік құқығын беруден негізсіз бас тартатыны осыған себеп болып отырған көрінеді. 

– Соның салдарынан көптеген жер игерілмейді, экономикалық процестер дамымай, мемлекет бюджетіне салық пен төлемдер түспейді. Әкімдіктердің мәлі­меттеріне сәйкес, 2018 жылы 

1,1 мың жер телімі сатылымдар бойынша қолданысқа берілген, бұл жалпы көлем­нің небәрі 6%-ы ғана. Биыл әкім­діктер­ді бос жерлерге қатысты ақпа­ратты цифр­ландыруға қатысты жұ­мысты аяқтауды сұраймыз. Бұл шара бюд­жеттің кіріс бөлігін арттыруға да мүм­кін­дік бере­ді. Осындай ақпараттық базаны бірлесіп жасайық, бұл атқарылған жұ­мыс­тың нақты индикаторы болмақ, – деп қорытындылады Т.Құлыбаев.

Форумда «Атамекен» өңірлердің цифрлы карталарына бірыңғай талап­тар­ды әзірлеуді ұсынды. Басқарма төра­ғасының орынбасары Рустам Жүр­сі­новтің айтуынша, жер туралы ақпаратты түсінікті әрі қолжетімді ету керек. Бұл үшін өңірлердің интерактивті карталарын жетілдіру қажет. Электронды карта­лар инфрақұрылым, қолжетімді инже­нерлік коммуникациялар, энер­гиялық қуаттылық, қолданыстағы және жоспар­ланған құрылыстар, Бас жоспарлау, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, тех­ни­калық шарттар, қосу нүктелері және басқа да мәліметтерді қамтуы керек.

Форум соңында «Атамекен» ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері жә­не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында 2019 жыл­ға арналған Жол картасына қол қо­йыл­ды.

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар