Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Кредиттік тұрғын үйге әкімдіктер 108,8 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр - Р.Скляр

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл әкімдіктер 11 719 пәтердің (740 мың шаршы метр) құрылысына (690,1 мың ш.м) 108,8 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Кредиттік тұрғын үйге әкімдіктер 108,8 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр - Р.Скляр

Роман Склярдің, 1-тоқсанның соңына дейін 45,7 млрд теңгемен қаржыландыру қарастырылған, оның ішінде 30,7 млрд теңге әкімдіктер тартқан қаржы.

«Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарына өздерінің облигацияларын шығару процедураларын жылдамдату қажет.

Сонымен қатар, әкімдіктерге биыл 2017 жылы бұрын шығарылған жалпы құны 65,9 млрд теңге болатын облигациялар бойынша қарыздарын алдын-ала жабуы қажет. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері өздерінің 5,9 млрд теңге облигациялық қарыздарын өтеді. Қалған өңірлерді облигациялар бойынша қарыздарын өтеу процедураларынжылдамдатуды сұраймыз» деді министр. 

Анықтама: 2019 жылы облигацияларын жабу қалған Астана (4,9 млрд), Алматы (7,1 млрд), Шымкент (5,1 млрд) қалалары, Ақмола (0,4 млрд), Ақтөбе (13,0 млрд), Алматы (3,5 млрд), Атырау (1,3 млрд), ШҚО (0,9 млрд), Жамбыл (3,2 млрд), Қарағанды (5,2 млрд), Қостанай (3,7 млрд), Маңғыстау (4,5 млрд), Павлодар (2,0 млрд), СҚО (1,6 млрд).

Әкімдіктер өздерінің облигацияларын алдын-ала өтеп, 1 жұмыс күні ішінде қайта жаңа облигациялық займдар ала алады.

Аталған шаралар қаржылық ресурстарды барлық өңірлерде дер кезінде жеткізуді және биыл жоспарланған құрылыс көлемдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.