05 Наурыз, 2010

КЕНДІ АЛТАЙДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

714 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Биыл Кенді Алтайда қыс қатал. Қа­тарынан екі-үш ай қатты аяз, күн сайын дерлік боран-шашын соғып, тұр­ғындардың мазасы әбден кетті. Кей ау­дандарда қардың биіктігі 5-6 метрге жетті. Көкпекті ауданында 54 гра­дусқа дейін аяз болды. Наурыз айы келсе де, күннің жылынатын түрі жоқ. Күні кеше кей аудандарда ауа­ның температурасы -37-39 градусқа жет­ті. Ендігі қауіп – қалың қар күрт еріген жағдайда топан судың басуы. Сондықтан да Үкіметтің жұмыс тобы Кенді Алтайға келіп, топқа бөлінді. Бі­рінші топта облыс әкімі Бердібек Са­парбаев, Төтенше жағдайлар ми­нистрі Владимир Божко, Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов және басқалар бар. Ал екінші топтағы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Оразаев, облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаев және республикалық министрліктердің, облыстық басқар­ма­лардың өкілдері облысымыздың оң­түстік аудандарында болып, мал қыс­тату науқанының барысымен танысып, көктемгі су тасқыны жүруі ықтимал жерлерді көрді. Құрамында қос министр, облыс әкімі бар бірінші топ Бұқтырманың жа­­ғасында жатқан Быково атты жы­рақ­­тағы таулы кентте тұрғындармен кез­десу өткізді. Зырян ауданы әкі­мінің міндетін атқарушы Николай Иг­нашиннің мәлімдеуінше, ауданда қар өте көп жиналған. Қасат қардың жазық жерлердегі биіктігі 1,5 метрден, тауларда 2,5 метрден асады. Өзен арнасын бөгейтін қар көшкіндері де Бұқтырмаға көп түскен. Тіпті көнекөз қариялардың өздері де ешқашан мұндай қардың жаумағанын айтады. Қазірдің өзінде өзендегі мұз­ды кем дегенде бес жерден жару қажет екен­дігі анық болып отыр. Жаға бе­кітетін дамбаларды Тұрғұсын, Зубов, Быково сияқты үш ауылда тұрғызу керек. Ал, кеш қалмас үшін бұл жұ­мыстарды наурыздың бірінші онкүндігінен кейін бастап кеткен жөн. Наурыз келді, бірақ қыстың қай­татын түрі көрінбейді. Даланың ұйтқып соққан ақ бораны Күршім ауданындағы тас жолды тағы да “тығындап” тастады. Қаройға барар жолда дала лагері құ­рыл­ған. Жол бойына тігілген ша­тырларда ас әзірленуде. “Облшығысжолдың” және оларға кө­мекке келген ұйымдардың жұмысшылары Теректіге барар жолды аршып жатыр. Алайда, қасат қарды күреу оңайға соқпай тұр. – 8 қаңтардан бері осы­лай жұмыс істеп келеміз, – дейді жағ­дайды баяндаған Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітов. – Біздегі шамамен 1500 шақы­рым болатын жолдың 450 шақы­ры­мын қар алып қалды. Қазір 218 шақырымдай жол жабық жатыр. Бірақ, көріп тұрсыздар, жұмыс іс­телуде. Бізге жол ұйым­да­рының үлкен көмегі қажет. Төрт түлік малды биылғы қыс­тан аман-есен алып шығу жайында да әңгіме болды. Қалың жауған қар­дың салдарынан көптеген ша­руа­шылықтарда жемшөп қоры тау­сылып, малды азықтандыру қи­ын­ға түскен. Көршілес аудандар кө­мек қо­лын созғанымен ты­ғы­рық­тан шы­ғудың реті келмей тұр. Жүз­ге тарта малшылар теліміне бү­гінгі күні тек атпен ғана қа­ты­на­суға мүм­кіндік бар. Қалыпты мөл­шер­ден бірнеше есе артық жауған қардың қалыңдығы да қауіпті. Өзен бойын жағалай орналасқан Бу­­ра­бай, Маралды, Сарыөлең сияқ­­ты бірқатар ауылдарда жа­ғал­ауды бекіту жұмыстарын жүргізу керек. – Ал, арнайы құрылған “Обл­шығысжол” мекемесін заманауи тех­никалармен күшейтпекпіз. Бұл мақсатты іске асыруға 200 миллион теңге қаржы бөлінеді. Жолдардың барлығын жөндеуден өткіземіз. Айталық, бүгін ғана Осинов асуын көзімізбен көрдік. Оны айналып өтетін жол жасау қажет. Сондай-ақ, Қалбатау – Семей, Семей – Қайнар бағытындағы тас жолдарды жөндеу жобалары әзірлену үстінде,– деді өңір басшысы. Жұмыс тобы Зайсан ауда­нын­дағы Үйденен су қоймасының жағдайымен танысты. Сонымен қатар, Шар – Өскемен темір­жо­лын­да болды. Үш метрден астам қар алып жатқан Жарма ауданын­дағы Саржал алқабы қар тоқтату жүйесіне де қатты көңіл бөлу ке­рек­тігін аңғартты. Өйткені, бұл ай­мақта қыстың соңына дейін жо­лау­шылар пойызының жүруіне рұқсат берілмеген. Шүлбі шлю­зінде бол­ған сапарда облыстық су жолдары кәсіпорнының директоры Г.Пе­трен­ко республика мен ай­мақ­тан келген арнайы өкілдерге шлюз ша­руа­шылығын таныс­тырды. Өкі­нішке қарай, инженерлік күрделі құ­рылыстарды ретке келтіру жұ­мыс­тары баяу атқарылуда. Мұның сыртында шлюздегі су деңгейінің көтерілуі немесе басқа да келеңсіз жәйттердің орын алуы төтенше жағдайларға алып келетіні сөзсіз. Арнайы комиссия мүшелері бұл түйткілді ұзақ талқылады. Алдағы келе жатқан көктемнің облысымызға күрмеуі қиын күр­делі мәселелерді ала келері анық, оның үстіне бүгінгі күні бүкіл респуб­ликаның назары бізде. Ең бас­тысы, еліміз Шығыс Қа­зақ­станға қолұшын беруге дайын! Оңдасые ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.