«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с артады. Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.