Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

1054 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Үкмет басшысы алдымен Панфилов ауданындағы «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына орналасқан нысандармен танысты.

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

Үкімет басшысы алдымен барған «Нұр жолы» кедендік бақылау-өткізу бекеті өткен жылы ашылған. Бұл құрылым техникалық жабдықталу, көлік құралдарын тексеріп, өткізу жылдамдығы және бақылау жүйесін енгізу бойынша Қазақстандағы транзиттік-логистикалық қызмет көрсету сапасын жаңа сатыға көтерді. Қазір мұндағы жүк көліктерін кедендік және шекаралық рәсімдеу уақыты 40 минутқа дейін қысқарып, екі бағытқа 2500 автокөлік бір мезетте өте алады. Алдағы уақытта бекет тәулігіне 5000 көлікке дейін көлік өткізу мүмкінгіне көшеді.

Еліміздің транзиттік әлеуетінің артуына үлес қосатын нысандар негізінен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Премьер-Министр Асқар Мамин осы аумақта болып, бірнеше нысанды аралап көрді. «KIF Warehouses» серіктестігінің құрғақ жүк сақтайтын қоймаларының құрылысы алдағы сәуір айында аяқталмақ. Біріккен Араб әмірліктерімен әріптестік аясында жүзеге асқан жобаның жалпы құны 5,1 млрд теңге. Мұндағы «А» сыныпты қоймалардың 24964 шаршы метрі құрғақ жүк сақтауға арналса, қалыпты температурада жұмыс істейтін бөлігі 14 516 шаршы метрді алып жатыр. Ал «Заря LTD» серіктестігінің жүгері тұқымын қабылдап, кептіріп, сақтауға арналған қоймасын іске қосуға 1,5 млрд теңге қаражат жұмсалған екен. Қазіргі күні алғашқы желісі толықтай іске қосылған қойма 15 мың тоннаға дейін шикізат сақтап, сыртқы нарыққа жөнелтіп отыр. Жақын күндері элеватор кешенінің екінші желісінің құрылысы аяқталып, өнім сақтау көлемі 2 есеге дейін көбеймек. Премьер-министр назарына ұсынылаған келесі нысан жүк терминалы болды. Мұнда күн сайын 100 тоннаға дейін жүк жөнелтіледі. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы жүктерді буып-түйіп, діттегін жеріне жөнелтумен осы жүк терминалы айналысуда. Жақында экономикалық аймақ аумағында «Qaz Lumiere» сауда орталығы ашылған еді. Мұнда алдағы күндері отандық өндіру­шілер үшін 15 күн бойынна өтетін сауда жәрмеңкесі ашылмақшы. Асқар Мамин сауда орталығында болып, дайындық жұмыстарын пысықтады.

Үкімет басшысы Панфилов ауданындағы Қорғас өзенінің жағалауын бекіту жұмысымен де танысты. «Қазселденқорғау» мекемесінің тапсырыс беруімен өзен жағасындағы құрылыспен «СК-Базиз» компаниясы айналысуда. Құны 30 млрд теңге тұратын жоба келер жылы толық аяқталуы тиіс. Қазір ұзындығы 6 шақырмға жуық дамбы салынған. Басқұншы ауылы мен «Достық» су арнасына дейінгі 9 шақырымдық жол жасалып, Шүкірбұлақ су қомасы мен Қазанкөл өзеніне дейінгі 17 шақырым жағалау бекітілген.

- «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы нысандардың маңызы зор. Сондықтан аумақты табиғат апатының салдарынан қорғауымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де баяу жүріп жатыр. Бөлінген қаржының 9 млрд теңгеге жуығы ғана игерілген. Іске қарқын қосу керек, - деді Асқар Мамин Панфилов ауданындағы сапарын қортындылап.

Премьер-Министрдің сапары облыс орталығы Талдықорған қаласында жалғасуда.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше