«Қазақстан Президенті бұрынғы Кеңес Одағының Орта Азия республикаларының ішінде географиялық жағынан ең ірі Қазақ КСР Коммунистік партиясының бірінші хатшысы қызметіне кірісті. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, Назарбаев Халықаралық энергетикалық компаниялардың да, Вашингтондағы саясаткерлердің де назарын өзіне аударған, мұнай мен пайдалы қазбалардың мол қоры бар елдің басшысына айналды. Сонымен қатар Қазақстан ең ірі ядролық арсеналы болды. КСРО ыдырағаннан кейін жаңа мемлекет аумағында мыңдаған стратегиялық оқтұмсықтар бар еді» дейді CNN басылымы.Сондай-ақ америкалық арна Қазақстанда Семей ядролық полигоны болғаны, елдегі оқтұмсықтардың Ресейге берілгенін еске түсіріп өткен.
«Бұл туралы Назарбаев өзінің «Бейбітшілік эпицентрі» кітабында айтқан. Бұл оқиғадан кейін Қазақстан Президенті өзін ядролық қарудың таралу қаупін азайтқан көреген көшбасшы ретінде көрсете алды» дейді мақала авторы. Сондай-ақ CNN Елбасының басқа да жетістіктерін тізбелеп шыққан.
«Қазақстан Қытай мен еуропалық нарықтар арасында стартегиялық көпір орнатты. Назарбаев Пекиннің «Белдеу және жол» бастамасы аясында жаңа инфрақұрылымға қытайлық инвестицияны құптады. 21 ғасырдың Жібек жолын құру деп аталатын бұл бастама өңірдегі ұлы державалардың бәсекелестігін ынталандыра алады», дейді CNN.