Әлем • 24 Наурыз, 2019

Димашқа өзі бейнеленген қуыршақ сыйға берді

797 реткөрсетілді

Кремльде екі күн бойы концерт берген Димаш Құдайбергенге жанкүйерлердің бірі әнші бейнеленген қуыршақ сыйға тартты.

Якутиялық қолөнер шебері Хаарчаане Баппагай сүйікті әншісінің бейнесіндегі қуыршақты сөз қолымен жасаған екен. 

Қолөнер шеберінің айтуынша, қуыршақты жасау оңайға түспекен екен. Өйткені оны әуелі Мәскеуде тігіп бастағанымен, Балида жалғастыруға тура келген. 

«Қуыршақты жасау барысында оның бет әлпетін үш рет ауыстыруға тура келді. Әр кезең сайын қиындыққа тап келіп отырдым. Тіпті, бұған дейін қуыршақ жасап жүрген пеш те істен шығып, жаңасын сатып алдым» деп жазды Х. Баппагай инстаграмдағы парақшасында. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Наурыз мерекесіне орай Кремльде екі күн концерт берген болатын. Кремльге жиналған көрермендер арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресей Премьер-Министрінің жұбайы Светлана Медведева, эстрада жұлдыздары және басқа да құрметті қонақтар болған. 

Өз кезегінде Димаш Құдайберген концерттің өтуіне қолдау білдірген азаматтарға рахметін айтты. 

«Рахмет, Мәскеу! Екі күн қатарынан  Кремльде аншлаг болды! Сіздер үшін өнер көрсеткеніме бақыттымын. Осы жобамен жұмыс істеген барлық адамдарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін «1 каналда» кездесеміз», деді Димаш инстаграмдағы жеке парақшасында.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар