«Балаларыңыз, патрульдік полиция қызметкері Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиев басқа адамның өмірін құтқарамын деп өз өмірін қиды, нағыз ерлік көрсетті. Бұл Қазақстан үшін де орны толмас ауыр қайғы. Мұндай ерлік және азаматтық – басқаларға да, өсіп келе жатқан жастарға да ерекше үлгі. Нағыз Батырды тәрбиелегендеріңіз үшін Сіздерге бас иеміз», делінген Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылында тұратын Ақымғалиевтер отбасына жолданған жеделхатта.