Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Hyundai маркалы жеңіл автокөлік өндіретін зауыт құрылысы басталады

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.

Hyundai маркалы жеңіл автокөлік өндіретін зауыт құрылысы басталады

«Машина жасауда автокөлік құралдары өндірісін 32 мың бірліктен 60 мың бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Өнеркәсіптік кооперация аясында біз үшін Еуразиялық одақ нарықтары басымдыққа ие. Биыл Hyundai маркалы жеңіл автокөлік өндіретін зауыт құрылысын бастаймыз», деді Министр.

Сонымен қатар Министр «КАМАЗ» көпшілік акционерлік қоғамымен бірлескен өнеркәсіп құрылатынын айтты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіретін технологияларды беретін «Кировец» зауытымен одан әрі ынтымақтасу жоспары бар екенімен бөлісті.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібінде металды кендер өндіру көлемі (жоспар 107,1%)”Соколов Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі” Акционерлік қоғамының темір кенін 5,5%-ке және “Өркен” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мыс кенін 31,5%-ке, KAZ Minerals компаниялар тобының мыс кенін өндіруді 8,5%-ке және Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының құрамында алтыны бар кен өндіруді 60%-ке арттыруы есебінен қол жеткізіледі», деді Министр.