Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Елімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асып жатыр

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба іске асырылған 4 жылда жалпы сомасы шамамен 4,9 трлн теңге болатын 480 жоба іске қосылып, 44 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр Үкімет отырысында айтты.

Елімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асып жатыр

«Жоба аясында тау-кен металлургия кешені (40), химия (28), фармацевтика (6), жеңіл(21) және азық-түлік (23) өнеркәсібі, машина жасау (55), құрылыс индустриясы (146), энергетика (13), мұнай өңдеу (20), агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу (122) жұмыстары іске асырылды», деді Р.Скляр.

Министрдің айтуынша, есепті кезеңде бағдарламаның барлық мақсатты индикаторлары бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді.

«Есепті кезеңде жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10,1%-тен 11,6%-ке дейін, саладағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 6,6%-тен 6,9%-ке дейін өсті», деді ол.