26 Наурыз, 2019

Ферросилиция және болат спиральды құбыр өндіретін зауыт іске қосылады

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жыл соңына дейін Қарағанды облысында ферросилиция және Алматы қаласында болат спиральды құбыр өндіретін зауыт іске қосылатынын мәлімдеді.

Ферросилиция және болат спиральды құбыр өндіретін зауыт іске қосылады

«Металлургия бойынша өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тау-кен байыту кешені және Қарағанды облысында «Sary-Arka Copper Processing» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің катодты мыс шығару зауыты сияқты ірі жобалар іске қосылды», деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, биыл осы кәсіпорындар мен «АрселорМиттал Теміртаудың» жобалық қуатқа шығуы саланың жоспарлы көрсеткішке қол жеткізіп, өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.