27 Наурыз, 2019

«Жұлдыздар матчы» Нева жағалауында өтеді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) «Жұлдыздар матчы» келесі жылдың 18-19 қаңтар күндері  Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді.

«Жұлдыздар матчы» Нева жағалауында өтеді

Айтулы жарыстың тұсауы осыдан дәл 10 жыл бұрын Мәскеуде кесілген еді. Ол кезде ресейлік Яшиннің командасы шетелдік легионерлерден жасақталаған Ягрдің командасымен күш сынасты. Кейіннен бұл бәсекелер Ресейден бөлек, Беларусьтің Минск, Латвияның Рига және Словакияның Братислава қалаларында ұйымдастырылды.

2018 жылғы «Жұлдыздар матчы» Астанада дүркіреп тұрып өткені де есімізде. «Барыс Аренаға» жиналған 12 мыңға жуық көрермен аса шиеленісті матч және өте керемет шоудың куәсі болған еді. Былтырғы жылғы жарыс Татарстанның Қазан қаласында ұйымдастырылып, Чернышев дивизоны командасының жеңісімен аяқталды.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»