28 Наурыз, 2019

ҚХЛ жаңа маусымды қыркүйекте бастайды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа 2019/2020 жылғы маусымы 1 қыркүйекте басталады. Бұл жайында айтулы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.  

ҚХЛ жаңа маусымды қыркүйекте бастайды

Бүгін бас қосқан Лиганың директорлар кеңесінің мүшелері алдағы жарыстың жөн-жапсарын жан-жақты талқылап, чемпионаттың құрылымы мен қатысушылар құрамын бекітті. Соған сәйкес биылғы тұрақты біріншіліктің күнтізбесі сақталып, барлық команда 62 ойыннан өткізеді. Еуротурдың әр кезеңіндегі жарыстар кезінде үзіліс алты күнді, ал әлем чемпионаты қарсаңындағы үзіліс жеті күнді құрайды.  

1 қыркүйекте басталатын тұрақты біріншілік 27 ақпанға дейін созылады. Плей-офф сайыстары 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында өткізіледі. Ал осы «Жұлдыздар матчы» келесі жылдың 18-19 қаңтар аралығында Санкт-Петербургте ұйымдастырылады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»