28 Наурыз, 2019

Баянауылдағы мектеп-интернат жылыжайында қияр, қызанақ өсіріледі

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатта биология пәнінің мұғалімі Қарлығаш Смағұлованың бастамасымен «Мектеп жылыжайы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Баянауылдағы мектеп-интернат жылыжайында қияр, қызанақ өсіріледі

Қияр, қызанақтарды өсіріп, баптау үшін израильдік тамшылатып суару әдісі қолданылады.

Бұл тәсіл арқылы бір сағаттың ішінде өсімдіктің тамырына екі литрдей су барады, әрі суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, көкөністерді тыңайтып, өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Күнделікті жылылық мөлшерін, жарық жеткіліктілігін анықтап,  көшеттердің арам шөптерін жұлып, суару, қопсыту, сирету жұмыстары жасалуда.

Мектеп  директорының айтуынша, жылыжай кешенінде оқушылар агрономия негіздер теориясын тәжірибе жүзінде  ұштастарып, көкөніс және гүл дақылдарын өсіруді үйренеді. Екіншіден, бұл - болашақ мамандыққа деген бағыт- бағдар.

- Биылғы ақпан айы бойы өзіміз өсірген «Миринда» сұрыпты қиярымызды жинап алдық. Мысалы, ақпанның 13-і күні  2,5 келі, 14-де 4,5 келі, 16-да 2 келіден деп әр күні қанша келі жинағанымызды жазып отырдық. Қазір қызанақтар гүлдеп, кішкентай жасыл түйіндері шығып келеді. Қызанақты  мамыр айына дейін жинаймыз, дейді Қарлығаш Смағұлова.

Жылыжайда мектептің биология, агрономия, технология пәнінің мұғалімдері, техникалық қызметкерлері  жұмыс жасайды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы