28 Наурыз, 2019

Қостанайда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Турнир спорттың бокс және кикбоксинг түрлерінен спорт шеберлері марқұмдар Марат Бегежанов пен Асылхан Бұсырмановты еске алуға арналды. Бұл турнирде әр жылдары көптеген қазіргі белгілі спортшылар күш сынасқан болатын. Қазір олар жаттықтырушы болып істейді, осындай жарыстарға өз шәкірттерін баулып әкеледі. Ал Василий Левит әлемдік ареналарда еліміздің атын шығарып жүр. Биылғы чемпионатқа еліміздің барлық шалғайынан 300-ден астам спортшы келді.

«Мұндай жарыстар спорттың дамуына серпін береді. Кикбоксинг жастар арасында кең тараған спорт түрі, мұндай шаралардың маңызы Жастар жылы арта түседі» деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

Ол турнирге келген спортшыларға табыс тіледі. Чемпионат 30 наурызда аяқталады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай