28 Наурыз, 2019

Батырдың есімі ұлықталды

960 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетінің 2017 жылғы 11 шілдедегі санында белгілі журналист Сағидолла Сиқымбайұлының аттары аңызға айналған 28 панфиловшы­ның бірі, Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаевқа кіндік қаны тамған Бақанас ауылындағы (Алматы облысы, Балқаш ауданы) №1 Бақанас орта мектебіне атын беріп, лайықты құрмет жалғасын тапса деген бір топ соғыс және еңбек ардагерлері ұсынысымен жазылған «Балқаштан шыққан батыр» деген материалы жарық көрген еді.

Батырдың есімі ұлықталды

Ұлыстың ұлы күні балқаш­тық­тар батыр жерлестері – №1 Бақанас орта мектебіне Мұсабек Сеңгірбаевтың есімі берілуі салтанатты шарасының куәсі болды. Елін жаудан қорғау жолын­да қаза тапқан Мұсабек Сеңгірбаев сынды ұлықты елдің рухты ерінің атын елге таныту, ғасырлардан ғасырларға жеткізу – ел алдындағы қасиетті парыз. Көпші­ліктің тілегі қабыл болып, 2019 жылдың 25 қаңтар күні Қазақстан Рес­пуб­ликасы  Үкіметінің «Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» №17 қаулысы шықты. Атал­ған қаулыда Балқаш ауданы халқының бас басылымның мақаласында айтылған ұсы­ны­сы ескеріліп, Алматы облысы, Балқаш ауданы №1 Бақанас орта мектебін «Балқаш аудандық білім бөлімі­нің мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгір­ба­ев атындағы орта мектеп» мемле­кеттік коммуналдық меке­­месі деп атау көрсетілді. Осы қаулының күшіне енуіне бай­ла­нысты №1 Бақанас орта мектебінде Наурыз мерекесі күні мектепке батырдың аты берілу салтанатты шарасы өткізілді. Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов, ба­тыр­дың туған немересі Төлеген Мұсабеков, генерал Панфи­ловтың немерелері – Алма­ты­дағы 28-панфилов­шы­­лар әскери-тарихи мұра­жайы­­ның директоры Алуа Байқада­мо­ва, қоғам қайраткері Айгүл Байқадамовалар салтанат­ты шарада ­өздерінің батыр есімі­нің ұлықталуына байла­нысты қуаныштарын жет­кізді. Жинал­ған қауым ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына осы шараның орындалуына бастама көтеріп, мұрындық болғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»