28 Наурыз, 2019

Латын қарпінің емлесін оқыту жұмыстары басталды

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты латын негізді қазақ жазуын меңгертетін республикалық шара басталды.

Латын қарпінің емлесін оқыту жұмыстары басталды

Шараның басты мақсаты – латын негізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Жаңа қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы, төл және кірме, бірге және бөлек, күрделі және қысқарған сөздердің, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шетелдік сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы, жаңа әліпбиді меңгертудегі жаңа IT жобалар туралы ақпарат берілді.

Курсқа республикалық оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлерінен тұратын 30 адам қатысуда.