Биыл қыс жылы болып, өткен жылдың қараша айының соңында сең жүру байқалған. Осыған байланысты департамент тарапынан іс-шаралар жоспары бекітілген.
Яғни, су тасқынының алдын алу бағытын қалыптастыру, суды облыс аумағындағы Сырдария өзенімен қауіпсіз өткізу мақсатында "Казгидромет" РМК және "Қазсушар" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алынып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.
Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді.
Қала, аудан әкімдіктерінің мәліметі бойынша су тасқынына қарсы шараларға материалдық-техникалық қор 141,8 тонна жанар-жағар май, 156 000 дана қап, 16 960 бау қамыс, 6 550 дана пашын, 4 455 қарабура, 287 тонна қойтас т.б. қажетті материалдар қорлары жасақталды.
Облыс бойынша 2018-2019 ж.ж. қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы және 2 тікұшақ бірлігін құрады.
Оның ішінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 117 жеке құрам, 18 техника, 10 жүзу құралдары мен мотопомпа дайындыққа келтірілді.
Қызылорда облысы.