
Прокуратураның мәліметтері бойынша, интернатта ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 98 бала бар. Прокурорлар мүгедек балаларға қатысты тәрбиешілердің қатыгездік көрсетіп, күш қолданғанын анықтады. Интернат тәрбиешілері балаларды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, жұмысқа мәжбүрлеген болып шықты.
Сенат басшысы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен кінәлі адамдар заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс, деп есептейді. «Біз қорғанышы жоқ мүгедек балаларға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге ашу-ыза білдіреміз. Бұл интернаттағы балалардың өмірі түбегейлі өзгеруі керек деп санаймын. Ол біздің назарымызда болады. Мұндай жағдайлар әлеуметтік қызметтердің олқылықтары деп білемін», - деді Д.Назарбаева.
Бұл дерек жоғарғы Палата депутаттарының ерекше бақылауында болады.