Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Арайлым – Жезқазғанның 2019 жылғы аруы

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында тұңғыш рет «Жезқазған аруы» байқауы өтті. Сұлулық сайысында бақ сынаған 20 арудың ішінде Арайлым Хамитованың жұлдызы жанды.

Арайлым – Жезқазғанның 2019 жылғы аруы

Жезқазғанның 18 жасар жаңа аруы жергілікті гуманитарлық колледждің шет тілдері факультетінде оқиды. Ағылшын тілі пәнінің болашақ мұғалімі.

Арайлым кәсіби тұрғыда би өнерімен шұғылданады. Республикалық деңгейде өткен байқауларда жеңімпаз атанған. Модельдік бизнесте де бағын сынап, мектеп пен колледжде өткен сайыстарға қатысқан тәжірибесі бар.

«Сахна – менің жүрек қалауым. Болашақта кәсіби модель болып, дүние жүзін шарлағым келеді», дейді Арайлым.

         Енді Арайлым Хамитова Жезқазғанның намысын республикалық конкурста қорғайтын болады. Сондай-ақ, «Қазақстан аруы-2019» конкурсында Қарағанды облысының атынан Дариға Сақбосынова да бақ сынайды. Ол 2018 жылы өткен «Қарағанды аруы» байқауында үздік шққан болатын.

         Қарағанды облысы