Елбасы былтыр ғана ішкі туризмді дамыту үшін Үкімет салалық бағдарлама әзірлеу керектігін айтқан еді. Өйткені жерімізге туристерді тарту – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізетіні анық.

Әлемдік тәжірибеде туризмнен түскен табыспен ғана күн көріп отырған елдер бар. Оны былай қойғанда, Дүниежүзілік туристік ұйымның дерегі бойынша, әлемдік жалпы өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 10 пайызын туризм қамтамасыз етеді екен. Әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны да осы саланың үлесіне тиесілі көрінеді. Сондықтан дамыған елу елдің қатарына кіруді көздейтін Қазақстанда туризмді дамытудың маңызы зор.
Төрт империяның астанасы
Туризм нысаны – ең алдымен еліміздегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер. Қазақстан осы аталған қос құндылықтан да кенде емес. Соның ішінде ортағасырлық тарихи қалалардың алатын орны ерекше. Олардың көпшілігі оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде орналасқан. Сондай ірі тарихи маңызы бар қаланың бірі – Сығанақ. Археологтердің дәлелдеуінше, қаланың тарихы VI ғасырдан бастау алған. Қала туралы алғашқы жазба деректер «Худуд ал-Әлем» атты тарихи-географиялық еңбекте кездеседі. Мұнан әрі терең тарихын тізбектемейін, бір ғана ақиқаты, Сығанақ – төрт бірдей империяның (Қыпшақ хандығы, Алтын орда, Көк орда, Қазақ хандығы) астанасы болған шежірелі шаһар. Бұл қаланың орны қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылына 1 шақырымдай жерде орналасқан. 2000 жылдық тарихы бар Сығанақ ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Осы бір ауылға, анығы шаһарды көруге келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Оның ішінде, археологтер, халықаралық зерттеушілер, ғалымдар, тарихи тақырыпты, туризмді жазатын журналистер қатары да көп. Олай болса, кішкентай ғана ауыл еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, көрші елдерден, болашақта халықаралық деңгейдегі зерттеу орталықтарынан, шетелден туристер тартатын тарихи маңызы бола тұра неге тоқырап тұр, не кедергі? Мұндай салмақты сұраққа менің зерттеуімде тұшымды 4 жауап бар. Оның алғашқысы, лайықты қолдау көрсетілмей келе жатқанында. Екінші әрі ең маңызды себебі – ауылдың аты туристерді тарту аясын тарылтуында. Үшіншіден, туристік сервистің жоқтығында. Және соңғысы, насихат жұмыстарының жүйесіздігі немесе тапшылығы. Тарқатып көрейік.
Тарихи әділдіктің орнауын сұрап жүр
1.Бір ғана мысал, әлі күнге көне шаһардың орны бар ауылда музей жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда лайықты көңіл бөлініп, іске асыруды қажет ететін жұмыс. 2016 жылы ғана «Сығанақ тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігі құрылып, 2017 жылы 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында «Сығанақ тарихы» музейі ашылған. Бірақ мұның бәрі қала орнынан 45 шақырым жердегі ауданда орналасқан. Ал туристер қаланы көруге келеді, шаһардың орнын тамашалайды, сонда онан табылған тарихи құнды жәдігерлерімізді көруді қалайды. Ол сол шаһардың орнында, сол ауылда болуы керек. Бұдан бөлек, көңілге қаяу түсіретіні, кемі 10-15 ғасырлық тарихқа деген немқұрайлық бар. Аудандағы жоғарыда аталған қоғамдық бірлестік төрағасы Р.Амандықов археологтердің қазған жерлері арнайы қоршауға алынбағандықтан, жайылып жүрген малдар паналайтын жерлерге айналғанын айтқан еді. Ауыл әкімі оның осы жақында ғана қоршалғанын жеткізді. Шетелдерді аралағанда көне қала орындарын бірнеше шақырым қоршап қойғанын, оған жай, рұқсаты жоқ адамдардың кіре алмайтынына куә болғанбыз. Осыдан соң біздегі жайбасарлыққа қайран қаласыз. Өзіңіз ойлаңызшы, 2018 жылға дейін қаншама қазылған орындар малдардың тұяғына тапталды.
2. Ал Сығанақтың танылуына және ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіріп тұрғаны – оның Сунақ ата болып аталуында. Ауыл тұрғындары тарихи шаһарды көруге келген саяхатшылар мен қонақтардың руға байланысты аталған деген жаңсақ пікір қалыптастыратынын айтып, он жылдан бері тарихи әділдіктің орнауын сұрап жүр. Фараб қаласының құрметіне Әбу Насыр бабамыздың Әл-Фараби аталғанындай, Сығанақты мекендеген ақын, ғұлама Һысамиддин әл-Сығанақи да өз есім-сойына сүйікті шаһарының атын тіркеген. Осыдан-ақ оның тарихи атауы Сығанақ екенін жазбай тануға болады. Ал неге ауылдың аты бұра тартылып жүргеніне келсек, бір дерек бой көтереді: қазақ келіндері ат тергеу дәстүрі бойынша, қайын жұртындағы ата-бабасының есімін тура айтпай, «Сығанақ атаны» «Сунақ ата» деген көрінеді. Сол себепті осылай бұрмаланып жеткен.
Ауыл әкімі елдегі халықтың тарихи атын қайтаруды талайдан бері көтеріп келе жатқанын, қазір де 100 пайыз қолдауға дайын екенін айтады. Көп жылдардан бері көтеріліп келе жатса да, тарихи әділдікке қол жеткізе алмауына екі себеп бар екен. Оның бірі мораторийдің жариялануы болса, екіншісі, ағайынгершілік. Ауыл тұрғындарының айтуынша, кейбір ағайындар өз бабасы жерленген жердің ру атымен тұра бергенін қалайды. Бұл жерде Жаңақорған ауданының атын Сығанақ ауданы етіп өзгертіп, аудан орталығын Жаңақорған атауымен қалдыру – республика деңгейінде шешілетін мәселе. Мұндай тәжірибе Түркістан облысындағы Шәуілдір ауданына қатысты болған. Аудан атауын осы өңірдегі ортағасырлық Отырар қаласымен алмастырып, аудан орталығының тарихи аты Шәуілдір етіп қалдырылған. Әрине, ауданға атын беруге әбден лайық, дегенмен Сауран шаһарының орнындағы ауылға сол Сауранның өз аты берілгендей, Сығанақ аты өзі орналасқан ауылға берілуі керек. Сондықтан округ атын қалдырып, ауылдың атын Сығанаққа берген де дұрыс. Сонда шынымен тарихи әділдік орнайды. Елдік, ұлттық, қоғамдық мүдде әрдайым бір қауымдастық қалауынан биік тұруы тиіс.
Тарихи атау күре жолдың бойындағы Батыс Еуропадан шығып, Батыс Қытайға жол тартқан кез келген шетелдікті елең еткізетіні сөзсіз. Себебі ауылдың географиялық жағдайы да туризмге сұранып тұр, ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Экс-Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына сапарында Сығанаққа барды. Тарихи жерге табаны тиген сәтте ол: «Сығанақ – Қыпшақ хандығына орда болған киелі, шежірелі шаһар. Оның тарихи атауы қаланың орны сақталған ауылға берілуі керек», деген болатын.
«Әттеген-ай!» дегізген
3.Үшінші кедергі – инфрақұрылым. Туристік аймақ сөзсіз абаттандырылып, су, жарық, жол болуы керек. Алайда, мәселе мұнымен шешіліп қалмайды, онда туристерге көрсетілетін сапалы қызмет болуы керек. Келген қонақтарды, саяхатшыларды шаһар жанында, қазба орнында кемі 2-3 күн ұстауға жағдай жасалуы қажет. Ол үшін қыста жылы, жазда салқын, тарихи орнынан әрі кетсе 60 метрдей жерде үй-жайлар салынуы қажет. Қала орналасқан тас жолдың бойында жалғыз қонақүй бар, бірақ бұл жеткіліксіз және сервисі сапасыз.
4. Өткен жылы 130 жылдық тарихы бар, атақты «National Geographic» журналының қызметкері Қазақстанның оңтүстік-батыс белдеуін басып өтіп, Өзбекстанға өтті. Сол сапарында саяхатшы-журналист Маңғыстау аймағындағы орындарды қаламына арқау етті. Ал біз осы кезекте тамаша әрі тарихи мүмкіндіктен қалыс қалдық. «Әттеген-ай» дегізетін дүние. Өйткені ол – кішкентай ғана ауылдағы көне шаһарды әлемдік аренаға шығарудың бір жолы еді. Бұған қоса, көңілімізді көншітіп, жанға демеу болатын елішілік насихаттың өзі кемшін. Ішкі туризмді насихаттауда БАҚ-тың жүйелі жұмысы жоқтың қасы. Там-тұмдап қана бар. Ал Сығанаққа келер болсақ, тоғыз жолдың торабы, қаншама хандардың табаны тиген топырақ, теңге соғылған тарихи қала туралы осы күнге дейін бірде-бір терең зерттелген деректі фильм жоқ. Бұл тұста облыстық «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының зор еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Бір ғана Сығанаққа бірнеше хабар арнаған. Алайда, бұл сол аймақтың айналасынан әрі аспай тұр. Ал мұндай киелі де тарихи орынға бірнеше сериялы деректі фильм арнау қажет. Оны Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік дәрежеде қолға алғаны абзал. Егер осыған дейінгі барлық түйткілдің түйіні тарқатылып, туристер тартылатын орынға айналса, бұдан бөлек тағы бір мәселе өз шешімін табар еді. Ол – гид мәселесі. Бұл туризмнің дамуындағы негізгі кілттердің бірі саналады. Өйткені қаланы көруге келген кез келген қонақ немесе саяхатшы өз ортасына, еліне барғанда тамсанып айтатын ақпарат алып қайтуы қажет. Ол өз кезегінде туристерді тартуға ықпал етеді.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Сенат депутаты
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар