Президент • 01 Сәуір, 2019

Президент БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті



Әңгімелесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсиге құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық қатынастар екі ел игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды.