Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.
Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары.
Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнің қорытындысы талданатын, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.
Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.