Президент • 02 Сәуір, 2019

Шетелдегі қандастарымыз ешқашан назардан тыс қалған емес – Президент

1253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің әр бұрышында жүрген қандастарымызды Атамекенге әкелудің жалғаса беретінін айтты.

Шетелдегі қандастарымыз ешқашан назардан тыс қалған емес – Президент

«Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз» деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Президент баспана мәселесіне тоқталып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлу қарастырылғанын жеткізді.

«Біз, алдымен әр қазақстандықтың тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаймыз. Сондықтан, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерге назар аудару қажет. Бұл – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы, яғни жылумен және сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, сондай-ақ жолдар, газдандыру мәселелері, экология және қауіпсіздік түйткілдері. «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары осы міндеттерді орындауға бағытталған. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін алдағы үш жылға триллионнан астам теңге қарастырылып отыр» деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51