Президент • 02 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев: Қазақтың тілі – қазақтың жаны!

8882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне қатысты пікірімен бөлісті. Бұл туралы Президент «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтып берді.

Қ.Тоқаев: Қазақтың тілі – қазақтың жаны!

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екеніне бас назар аударды.

«Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз», деді Мемлекет басшысы.