Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақсу өзені бойын абаттандыру жұмыстарымен танысқан соң өңір басшысы «Сайрам сүт» ЖШС-не барды. 50 адам жұмыс істейтін кәсіпорын тәулігіне 20 тонна сүт өнімдерін өндіреді. Өмірзақ Естайұлы аудан басшысына аталған кәсіпорынға субсидия алу бойынша жеңілдіктерді талапқа сай қарастыру қажеттігін тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы «Балым-ай» балабақшасының жұмысымен танысты. 2019 жылы іске қосылған балабақшада бүгінде 280 бала тәрбиленуде. Онда 70 адам жұмыспен қамтылған.
Сайрам ауданы ет экспорттаудан көшбасшылар қатарында екені жұртқа мәлім. Аудандағы ет өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың бірі – Манкент ауылында орналасқан «Ет Агро Манкент» СТК-ы. Кәсіпорын – мал бордақылау, ет өндіру, мал сою және ет сақтаумен айналысады. Жобаның қуаттылығы – тәулігіне 20 тонна. Өндіріс орнының жұмысымен танысқан облыс әкімі ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұрғанын атап өтіп, әлі де экспорт көлемін арттыру керектігін айтты.
Одан бөлек, облыс әкімі Сайрам ауданындағы «Bella Mebel» жиhаз өндіретін фабрика жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі таңда фабрикада 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы фабриканың өнімдері тек қана Қазақстанға ғана емес, Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінде де үлкен сұранысқа ие. Өткен жылы фабрика 496,4 млн. теңгенің өнімін өндірген, биыл өнім көлемін арттыру жоспарланып отыр. Өмірзақ Естайұлы кәсіпорын иесіне Түркістан қаласындағы индустриалды аймақтан жиhаз фабрикасын салуды ұсынды. Кәсіпкер аталған идеяны тез арада қолға алатынын жеткізді.
Жұмыс сапары соңында Ақсу ауылындағы «Асыл ЛТД» ЖШС-нің жетістіктерін көрген облыс басшысы тек ұн өндірумен тоқталып қалмай, бидай өнімін әртараптандыру керектігін айтты. Бүгінде тәулігіне 3000 тонна ұн шығаруға қабілетті диірменнің ұны елімізбен қатар Өзбекстанға экспортталып жатыр.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар