Үкімет • 02 Сәуір, 2019

Бахрейнге сиыр еті мен қой еті экспортталып жатыр - Сапархан Омаров

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Ветеринариялық және фитосанитариялық (карантиндік) қауіпсіздік мәселелері туралы» Үкіметі отырысындағы баяндамасында айтты.

Бахрейнге сиыр еті мен қой еті экспортталып жатыр - Сапархан Омаров

«Иранмен Қазақстаннан сиыр етін, ұсақ малдың субөнімдерін, тағамдық жұмыртқаны, союға арналған малды экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді. Сауд Арабиясы Корольдігімен ірі қара және ұсақ малдарды сою және өсіру үшін экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Қытаймен шошқа еті бойынша ветеринариялық талаптар, Оманмен сиыр еті мен қой етіне, тірі ірі қара малға арналған ветеринариялық сертификат келісілуде», деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Сонымен қатар Министр биылғы жылдың басында Қазақстан шошқаның африкалық обасы бойынша саламатты ел мәртебесін алғанын ерекше атап өтті.

«ХЭБ-пен Францияда ветеринария мамандарын оқыту бойынша, қазақстандық зертхананың Орталық Азия елдері үшін ұсақ күйіс қайыратын малдың обасы бойынша ХЭБ референттік зертханасы мәртебесін алуы бойынша, бруцеллез және лейкозға қарсы ынтымақтастық жасасу бойынша жұмыс жалғасуда», деді Министр.

«Заңнамалық негізде ветеринариялық бақылау мен қадағалаудың бірыңғай жүйесін құру, жергілікті атқарушы органдарда ветеринариялық қызмет вертикальін құру, жануарлар мен өнімдердің орнын ауыстыруды бақылау үшін мобильді бекеттер құру, үшінші елдердің Тізіліміне енгізу үшін қазақстандық кәсіпорындарға жүргізілетін инспекцияларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көзделеді», деді Министр Үкімет отырысында.