«Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті», деді Елжан Біртанов.
- Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және 1 объектіге келетін учаскелер санын 20-дан 10-ға дейін азайту жоспарланып отыр.
- Екіншіден, алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады.
- Үшіншіден, барлық алғашқы медицина ұйымдарында ақпараттық жүйе енгізіліп және азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалады, деді Министр баяндамасында.