Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Семейде мини-футболдан «Jastar Doby» қалалық турнирі өз мәресіне жетті

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жарым айға созылған қалалық турнир «Jastar Doby 2019» 2005-2006 жылдары туған балалар арасында өтіп, Қазақстан Республикасы мәслихатының 25 жылдығына арналды. Турнирге қаланың футбол мектебі мен аула клубтары қатысып, барлығы 49 матчта жас футболшылар бақ сынады.

Семейде  мини-футболдан «Jastar Doby» қалалық турнирі өз мәресіне жетті

- Жарыс сәтті өтті дей аламын,- деді қалалық мәслихат депутаты Бейсенбек Ақжалов, - жиыны 106 бала қатысып, біз олардың барлығы да өз істерінің шеберлері екенін байқадық. Балалар жақсы жетістіктерге қол жеткізді, әрқайсысына марапаттар тапсырдық. Біздің жастарымыз - біздің болашағымыз.

«BIIM» командасының капитаны Темірлан Садуақасовтың айтуынша, бұл турнир барлығына қатты ұнаған. Осындай турнирлер үнемі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

Турнир қорытындысы бойынша, Кубок 39 ұпаймен алға шыққан «Vostok Semey» командасына берілді. Екінші орынға 25 ұпаймен «Локомотив», ал үшіншіге «Метеор» командасы көтерілді.

Жеңіске жеткендерге дипломдар, марапат қағаздар мен медальдер табысталды. Әр қатысушы балаға демеушілерден сый-сыяпаттар мен сертификат берілді. Турнирдің демеушілері мен қолдаушылары қатарында Семей қаласының мәслихаты, Vostok Semey футбол мектебі, Шәкәрім университеті, Battle ойын-сауық орталығы және  ONAR-S компаниялары бар. Турнир алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде өтіп тұратын болды.

      Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

     «Еgemen Qazaqstan»

      СЕМЕЙ