Қоғам • 02 Сәуір, 2019

«Құран жаттау» орталығы озық шәкірттерге шипажайларға жолдама беріп жатыр

934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі «Құран жаттау» орталығы қатарластарынан озық шәкірттерге шипажайларға жолдама беріп жатыр.

«Құран жаттау» орталығы озық шәкірттерге шипажайларға жолдама беріп жатыр

Облыстық мешіт жанындағы «Құран жаттау» орталығында «Құран курсы» тұрақты жүргізіліп келеді. Жас ерекшеліктеріне қарай үлкен және кіші болып екі топқа бөлінген. Орталықтың бағдарламасына сәйкес, білім алып жатқан шәкірттер әліптен бастап әріп танып, тәжуид ережелерін өткен соң қари М.Абжалеловтың тәсілі бойынша Құранды толық жаттауға машықтанады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран курсында» алты ай білім алған шәкірттерге сертификат табыстау рәсіміне арнайы қатысқан Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы «Үлкендер» тобында оқитын 50 шәкіртті құттықтап, курсты сәтті тәмамдағандары үшін сертификат берді.

Олардың ішінде даралаған шәкірттерге «Сарыағаш және Жаңақорған» шипажайларында ем алуға жолдама берген. Жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен қолға алынған бұл үрдіс алдағы уақыттарда да жалғаса бермек.


Қызылорда облысы