Құны 2 млрд. 680 млн. теңгеге жеткен көпірдің ұзындығы 220 метр, ені 12 метрден асады. Елдің алаңдап отырғаны дарияда су көтеріліп, сең жүрген шақта жаңа көпірдің тіреуіштерінің тірсегі ұстамай қозғалғандығы.
Дарияның арғы бетіндегі 13 елді мекенде жиырма мыңнан аса халық тұрады. Ол жақтағы екі қалқыма көпір салмағы 10 тоннадан артық жүкті көтермейтін болғандықтан ауыр машиналар 150 шақырымға дейін шығандап айналып өтеді екен.
Алайда, мамандар жаңа көпірдің олқылықтары жөнделіп, биылғы қыркүйек айына дейін қолданысқа береміз деп отыр.
Қызылорда облысы