Саясат • 02 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты қабылдады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты қабылдады

Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды іске қосуды көздейтін және 2019-2023 жылдарға арналған елорданың шағын құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен танысты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңілдігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады.

Соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту, соның ішінде қала көшелерін, саябақтар мен гүлзарларды лайықты абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша қала мәдениетін қалыптастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025