Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес, жағдайды бақылау үшін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов жұмысшылармен кездесіп, көтерілген мәселе заң талаптарына сай, комиссия келісімі арқылы шешілетінін түсіндірді.
Комиссия құрамына компания басшылығының өкілдері, кәсіподақ ұйымы және жұмысшылар кіргізілді. «Аталған жиын қорытындысы бойынша, бірауыздан жалақыны 15-20%-ке көтеру туралы шешім қабылданды», - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
Кәсіпорын жұмыстарын қайта жалғастырды.