Өрістен айдап кеткені бір бөлек, қорадан алып шығуы да азаймай отыр. Полиция тарапынан ұрлықты ашуда ілгерлеушілік болғанымен табылмауы таразы басын көбірек басып тұр.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ақтау Ералиев:
«Біздің аудандық полиция бөлімі тарапынан бір «Уаз» автокөлігімен 3 қызметкер азаннан кешке дейін кезекшілікте болады. Олар екі ауысыммен жұмыс жасайды. Күні бойы көлікпен үш қызметкер кезекшілікте болса, таңға дейін тағы келесі ауысым жұмысын жалғастырады. Яғни, бақылау үзіліссіз жүреді. Олар кезекшілік барысында ауданнан шығып жатқан көліктерге бақылау жүргізеді. Олардың ішінде мал тиеп бара жатқандар болса, оның заңдылығын анықтайды», - дейді.
Ол мал ұрлығының көбеюінің бір себебі, ортадан бақташы жалдап, малды падаға қоспаудан екендігінде айтады. Сол сияқты бас иесіз жүрген ірі қаралардың автодәліздерге шығып кетіп, ауыр жүк машиналарына қағылып жатқандары да бар екен.
«Мал ашуы-жан ашуы» дегенмен, ақ адал малының барымташылардың қолында кетуіне иелерінің де жауапкершілігі бар екенін қаперге алған жөн-ау.