Спорт • 03 Сәуір, 2019

Жүгіріп қоқыс жина: Елордада экологиялық акция өтеді

780 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Спарта Астана» эко-клубы, «Таза қала үшін» эко-қозғалысы, «Спарта Астана» қозғалыс клубы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Менің қалам-Таза қала» акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жүгіріп қоқыс жина: Елордада экологиялық акция өтеді

«Спарта Астана» эко-клубы, «Таза қала үшін» эко-қозғалысы, «Спарта Астана» қозғалыс клубы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Менің қалам-Таза қала» акциясын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Экологиялық акцияны елорда әкімдігі және «Адал» волонтерлік қозғалысы қолдады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, плопинг – жүгіріп қоқыс жинау. Ол бір мезетте екі істі жасауға бағытталған. Біріншіден, бұл –  физикалық белсенділік, екіншіден, қоршаған ортаны қорғау.  Мұндай қозғалыс бүкіл әлемде танымалдылыққа ие және әрі пайдалы #challenge. 

Іс-шараға кез-келген азамат қатыса алады. 

«Бұл жерде қатты жүгіру немесе мәреге бірінші жету міндетті емес. Акцияға балалар, қарттар, жастар біздің қаланы, елімізді таза, қоқыссыз көргісі келетін барлық адам қатыса алды», – деп атап өтті ұйымдастырушылар. 

Акцияға қатысуға ниет білдіргендер 7 сәуірде төрт жерде жиналады. 

11:00-де – Орталық саябақта (сағат алдында); 

10:00-де – Ботаникалық бақта (Түркістан көшесіне қарайтын бақтың бас кіреберісінде); 

10:00-де – Триатлон-паркте (мюзик-холл маңындағы тұрақта); 

10:00-де – Кеңесары ханның ескерткішінің алдында Белгіленген жерлерде оларды белсенділер қарсы алады. Акция қатысудың басты шарты – қоқыс жинауға арналған пакеттің болуы. 

Плоггинг аясында ең ауыр, ең көп қоқыс жинаған адамды анықтау конкурсы да ұйымдастырылады. Әр саябақта белсенділер жиналған қоқысты өлшеп ең ауырын, ең үлкенін анықтайтын болады. Одан бөлек қоқысты бөліп жинау бойынша шеберлік-сабағы өтеді. Сұрыпталған қоқыс бірден қайта өндеуге жөнелтіледі.