Аймақтар • 04 Сәуір, 2019

Түркістанда журналистер арасында республикалық турнир өтеді

517 рет көрсетілді

5 сәуірде Түркістан қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жарыстың мақсаты – жұртшылықты бұқаралық спортқа баулу, журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Түркістанды спорт орталығы ретінде дамыту. Сонымен бірге жаңа облыс орталығы – Түркістанның оң имиджін қалыптастыру көзделген. Республикалық турнирдің ұйымдастырушысы – Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Дүбірлі бәсеке қарсаңында республикамыздағы беделді телеарналар мен басылымдардың журналистеріне өңірдегі киелі орындар мен кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылады. БАҚ өкілдері Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарын да аралап көреді. Сонымен бірге Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық бокс турнирінің финалдық бәсекелерін тамашалайды.

Бүгінде «Жаңарған Түркістан» республикалық турниріне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған командалар қатысуға өтініш білдірген.

Турнир 5 сәуірде Түркістандағы «Астана» спорт кешенінде өтеді. Бірінші орын алған командаға 500 мың, екінші орынға – 300 мың, ал, қола жүлдегерге 150 мың теңге тапсырылады. Сондай-ақ турнирдің үздік қақпашысы, шабуылшысы, қорғаушысы және ең мықты ойыншысына марапатталса, тағы 3 ойыншыға О.Жарылғапов, Ә.Нұрмаханов және Б.Саттарханов атындағы арнайы жүлделер тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар

Тәулсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Мың бір домбыра үні

Білім • Бүгін, 09:13

Жарым көңіл балаларға барды

Аймақтар • Бүгін, 09:11

Жайық бойындағы жарасым

Қазақстан • Бүгін, 09:08

Аyala-ның аялы алақаны

Аймақтар • Бүгін, 09:01

Тұрғындар белсенді емес

Қоғам • Бүгін, 08:58

Егемендік – ерен сый

Қазақстан • Бүгін, 08:44

Ұрпаққа айтылған өсиет

Пікір • Бүгін, 08:42

Егемендік, Елбасы – егіз ұғым

Қазақстан • Бүгін, 08:40

Тәуелсіздік толғауы

Пікір • Бүгін, 08:37

Зулап өткен жылдарды еске түсірді

Қазақстан • Бүгін, 08:35

Ұқсас жаңалықтар