«Tyson Foods» американдық трансұлттық корпорациясы - «JBS SA» компаниясынан кейін тауық, сиыр және т.б. етті қайта өңдеуші және дистрибьютор бола отырып, жыл сайын АҚШ-тан сиыр етінің ең үлкен пайызын экспорттайды. Компания сондай-ақ көптеген ұлттық мейрамханалар желілері, соның ішінде жылдам қызмет көрсету мейрамханалары, күнделікті, орта және жоғары асүй мейрамханалары үшін жетекші ет жеткізуші позициясына ие.
«Valmont Industries, Inc.» ауыл шаруашылығы өнімдерінің инфрақұрылымы мен нарықтарын құру бойынша қызметтер көрсету мен өнімдерді өндіруге маманданған. Компанияның төрт негізгі бизнес-сегментін атап өтуге болады, атап айтқанда қолдаудың инженерлік құрылымдары, жабындар, ирригациялық және коммуналдық құрылыстар. Кәсіпорын 23 елде 6 құрлықта орналасқан 80-нен астам түрлі өндірісте өнім шығарады.
«AGCO» корпорациясы - ауыл шаруашылығы жабдықтарының әлемдік жетекші өндірушісі, әлемнің 140 елінде 3,100-ден астам тәуелсіз дилер мен дистрибьюторлар арқылы таратылатын тракторлар, комбайндар, шабындықтар, бүріккіштер, жемшөп дайындау және топырақ өңдеу жабдықтарының толық ассортиментін ұсынады.
Американдық бизнесмендерге Қазақстанның инвестициялық климатының дамуы, республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің жетістіктері мен әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды.
Өз кезегінде «Tyson Fresh Meats», «Valmont Irrigation» және «Global Beef Investors» өкілдері Ақмола облысындағы етті өндіру және қайта өңдеу, ирригациялық жүйелерді және басқа да объектілерді салу саласындағы кешенді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда.