Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде +2+4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +8+10.
Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +8+10.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, күндіз кей жерлерде нөсер жауын болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз және түнде 0-5.
Павлодар облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде де жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +6+11.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +9+14.
Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.Күндіз +15+20, түнде +3+8.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +17+22 (оңтүстігінде+25), түнде +6+11.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.