Кино • 04 Сәуір, 2019

Димаш Құдайберген жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан» ұлттық арнасы Димаш Құдайберген туралы деректі фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы телеарнаның басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Димаш Құдайберген жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр

«Димаштың Нұр-Сұлтанда өтетін концертінен басқа тағы бір жобамыз - әнші туралы деректі фильм. Ол жөнінде біз бір уақытта келістік. Өткен жылы Димаштың концертін ұйымдастыру жөнінде ақылдасып жатқан уақытта, деректі фильм түсірсек деген ұсыныс айтқан едік. Оның шығармашылығына қызығушылық өте үлкен», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин. 

«Бұл фильмде бұрын жарияланбаған түрлі бейнематериалдар көрсетілетін болады. Оған дайындық барысында біздің команда әншінің Мәскеудегі концертіне барды. Әріптестерімен арнайы сұхбаттар түсірді. Мәскеудегі концертінен кейін Қытайға сапарға аттанып, Хунан арнасындағы үлкен шоуға қатысты. Біз шоудың түсіріліміне де қатысып, ол жақта да Қытайдағы достары мен әріптестері тарапынан сұхбаттарды түсірдік. Әрине, негізгі түсірілім Нұр-Сұлтанда 29 маусымда өтетін концертіне байланысты болды. Оқиға желісі осының негізінде құрылады. Бұл - Димаштың ең үлкен концерті. Әлбетте, Димаштың әлемнің әр түкпірінде концерті өтіп жатыр. Бірақ, бұл ең ауқымды концерті болады деп ойлап отырмыз», - дейді Ерлан Қарин.   

«Қазақстан» телеарнасының басқарма төрағасының айтуынша, фильм күзде көрсетіледі.