Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан елшісі болған Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды.
"Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалдым. Министр Бейбіт Атамқұловтың үкімімен ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалдым", деп жазды Қайрат Лама Шариф Instagram желісіндегі парақшасында.
Биыл ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Лама Шариф БАӘ-дегі елші қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2013 жылдың қазан айынан бастап атқарды.
Дипломат 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Президенті Төтенше және өкілетті елшілер үшін шетелдік мекемелерде үздіксіз дипломатиялық жұмыстың бес жылдық мерзімі белгіленген түзетулерге қол қойғанын атап өтті. 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстанның БАӘ-дегі жаңа елшісі болып тағайындалды. Әр жылдары Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясынд, Кувейт, Оман, Бахрейнде Елші қызметін атқарған.