Елорданың жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды қабылдап жатыр. Қайта даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі.
«Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде. Атап айтқанда, қайта даярлау курстары наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (педагогикалық білім міндетті), менеджер (сауда, талап етілмеген мамандығы бар жұмыссыздар үшін және дипломы болуы керек), әкімші, электр және газбен дәнекерлеуші, киберқауіпсіздік маманы, анимация және бейне графика саласындағы маман, уқалаушы (медициналық білім болуы керек) сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі. Оқу барысында ай сайын 16 759 теңге стипендия төленеді. Қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтаған соң сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі», – деп мәлімдеді орталық.
Барлық қажетті ақпаратты Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО, 209 кеңсе. Анықтама телефоны: 8 (7172) 57-89-78.