«Шекарашылар шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған азаматтың қолында «пайда болған» екі қорапқа көңіл аударды. Қораптардың іші толған медициналық дәрі-дәрмектер (шыны ампулалар) екен. Әрине, ешқандай рұқсат құжаттары болмағасын 20 кг дәрі-дәрмекті шекарашылар мен кеденшілерге көрсетпей, жасырын өтпек болыпты» делінген хабарламада.
Орталық аумағынан табылған тағы үш қорапқа салынған салмағы 26 кг құбырларды бекітуге арналған темір топсалар мен 2 қорап дәрі-дәрмектің иелері анықталған жоқ.