Ақтөбеде «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжайы ресми түрде ашылды. Жоба Нидерландыдан инвестиция тарту арқылы Қазақстан-Венгрияның инвестициялар қорының қатысуымен жүзеге асырылды деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

Жылыжай кешенінің ашылу шарасына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Коп, Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани қатысты.
«Барша Ақтөбеліктерді қаламыздың 150 жылдығы қарсаңында іске қосылғалы тұрған заманауи жылыжай кешенінің бірінші кезеңінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Аталған кешен Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес, халық табысының өсуіне және ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға ықпал етеді деп сенемін. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту арқылы ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау көлемі артып, тың жобалар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары құрылып отырғанын айтып өткім келеді» - деді О. Оразалин өз құттықтауында.
Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Нидерланды Қазақстанның экономикасында инвестиция бойынша көшбасшы екенін атап өтті.
«2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына Нидерланды мемлекетінен 80 млрд. доллардан жоғары инвестиция тартылған. Қазірде 1000-нан астам голландық компания Қазақстанда жұмыс жасайды. Бүгін тағы да голландық капиталдың қатысуымен тағы бір үлкен жобаның ашылуына куә болып отырмыз. Бұл жоба Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы сауда-экономикалық қатынастың нығаюына септігін тигізеді деп сенемін»-деді министр орынбасары.
«Green Capital Kazakhstan» ЖШС бас директоры Алевен Диедерик Теодориктің айтуынша, жаңа жылыжайда қияр, қызанақ өсірілетін болады. Жоба 2021 жылға дейін үш кезеңде жүзеге асады. Инвестицияның жалпы құны 20 млрд теңгені құраса, заманауи нысанның көлемі 20 гектарды алып жатыр.
Бірінші кезеңде, яғни, 2018 жылы желтоқсанда 5 гектар алқапқа қызанақ егілген. Дәл қазір бірінші өнімді жинау науқаны жүріп жатыр. Өндірістің толық қуаттылығы жылына 14 мың тонна.
Жобаны іске асыруда 2021 жылға қарай 260 жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сондай ақ, бәсекелестікті арттыра отырып, өнім ішкі нарықты қамтитын болады. Одан артылған өнім экспортталады.
Мемлекеттік зор қолдаудың арқасында облыста соңғы үш жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 24 %-ке артып, 228,2 млрд. теңгені құрады. Ал, соңғы үш жыл ішінде ауыл шаруашылығына 45,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.
Айта кетейік, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС ауылшаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы іске асатын «Агроэкспорт» бағдарламасына қатысады.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар