Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Тараз әншісі анықталды

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бала дауысы» Ұлттық балалар ән бай­қа­­уының Тараз қаласындағы іріктеу кезеңі де сәтті өтті.

Тараз әншісі анықталды

Іріктеу кезеңі қалалық мәдениет сарайы­на ата-аналарымен, музыкалық тәлім­герлерімен және достарымен асыға келген қаты­су­шы­лардың тіркелуінен бастау алды. Олар­ға кас­тинг­тің ережелері мен форматы түсіндірілді. Әділ қазылар алқасының мү­шелері музыкалық про­­дюсер Фарида Ниязова, ұйымдастыру коми­тетінің өкілі Тол­ғанай Хасен және танымал қазақстандық орындаушы Серік Гамза-Заде 9 сағат бойы жас дарындардың өнерлерін тама­шалады.

Ақтық кезеңге жолдаманы 12 жастағы Ділнұр Атагелді иеленді. Ол қазылар алқасын жан тебірентетін дауысы әрі жарқын жүзімен сүйсіндіре алды. Ділнұр 25-27 қазан күні Рес­пуб­лика сарайының сахнасында өтетін ақтық кезеңінде Жамбыл облысының атынан өнер көрсетеді.

Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Қорының қолдауымен Әлия Назар­баеваның «Жандану әлемі» қоры тарапынан ұйымдастырылатын байқаудың ірік­теу кезеңі 29 наурыздан 22 мамырға дейін өт­кізіледі. Келесі кастингтер 5 сәуір күні Шым­кентте және 7 сәуір күні Түркістанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024