Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

815 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Қ.Көшербаев төрағалық еткен жиында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері талқыланды.

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Ақанаева биыл 33 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінгендігін айтты. Жаңақорған ауданындағы Екпінді ауылынан 1 күдікті науқас анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауру ошағынан 89 кене, оның 87-і малдан, 2-і мал қорадан, жиналып, зертханалық зерттеуге алынды. Облыс бойынша 6646 кене зертханалық зерттеуге жиналып, 684 сынама зерттелді. Оның алтауынан серопозитивті кенелер анықталған.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов 2019 жылға КҚГҚ алдын алу шаралары үшін көктемгі-күзгі жұмыстарға 214,5 млн теңге бөлінгенін айтты.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуда тиімді, үйлескен түрде іс-шаралар жүргізу мақсатында облыс әкімі «Қызылорда облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы әрекет ету алгоритмін» бекітіп, тиісті міндеттер нақтыланды.