Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, тасқын су жылдағыдай Қарағанды облысынан келді. Яғни, Ақжар бөгеті мен таулардың қар суы Баянауылдың Ащысу өзеніне құйылуда. Ауыл іші де тасқын су қаупін сезіп, тас-түйін дайын отыр
Ал жергілікті әкімдік тасқын суды өткізу үшін 101 шақырымдағы күре жолдың бір бөлігін бұзып, ашып жіберген. Баянауыл ауданының әкімі Оразкелді Қайыркелдиновтің айтуынша, су деңгейі түсіп келеді. Түскен жол ашылады.
Қазір аудандық әкімдік пен Төтенше жағдай департаментінің мамандары жағдайды бақылауға алды. Оқиға орнында 20 арнайы техника жұмыс жасауда.
Павлодар