Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аршалы ауданының Қостомар ауылындағы «Аққайың» сауықтыру орталығының өкiлдерi объектiнi сумен жабдықтауға және оған жол тартылуына қолдау көрсетудi сұрады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Өңiр басшысы Қостомар ауылының кентiшiлiк жолдарын күрделi жөндеу үшiн қазiргi уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзiрленгенiн, онда суықтыру орталығына дейiн жолды жөндеу де қарастырылғанын түсiндiрдi. Жобаны жүзеге асыру үшiн салалық министрлiкке бюджеттiк өтiнiм жолданған. Қостомар ауылының жеке тұрғын үй құрылысы ауданына су құбырлары желiсiнiң құрылысын салу өткен жылы басталған. Объектi пайдалануға берiлгеннен кейiн коммерциялық объектiлердiң иелерi өз қаржылары есебiнен сумен жабдықтау желiлерiне қосыла алады.

«Gorganys» Бурабай жергiлiктi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Ордабек Дайрабаев туристiк кластердi дамыту бойынша ұсыныс енгiздi. «CULTBURO» компаниясының бас продюсерi Алмас Ермекбаев медиа қызмет саласында әрiптестiктi ұсынды.

Ермек Маржықпаев келушiлердi тыңдап, олардың әр қайсысына тиiстi түсiнiктемелер бердi және шешiм қолданыстағы заңнама шеңберiнде қабылданатынын түсiндiрдi.

Облыс әкiмi бекiтiлген кестеге сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн айына бiр рет қатаң түрде кезек тәртiбiмен қабылдайды. Қабылдауға 8 (716 2) 29 72 43 телефоны арқылы жазылуға болады.