«Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Елді мекенге шабуылдау кезіндегі батальондық тактикалық топ» тақырыбында жалпыәскери және десанттық-шабуылдау бригадаларының командирлерімен көрсетпелі әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өтті.
Сабақтардың басты мақсаты - шабуылдау жасағының құрамы мен ықтимал тапсырмаларын жеткізу, командирлердің елді мекенге шабуылдауға бөлімшенің дайындығы жөнінде жұмыс ерекшеліктерін ұғынуы және шабуылдау жасау кезінде жеке құрам мен әскери техниканың іс-қимылдарын көрсету болды.
Сабақтар барысында шабуылдау жасағының құрамын таңдау және елді мекенді барлау жөніндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ, елді мекенге шабуыл жасау кезінде батальондық тактикалық топ жеке құрамы мен әскери техникасының практикалық іс-қимылдары пысықталды. «Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, сабақтар тақырыптарының өзектілігі заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен урбанизацияланудың (кенттенудің) жоғары деңгейі болашақта жауынгерлік іс-қимылдар көбінесе қалалық жерлерде өтетінін жоғары ықтималдылығымен байланысты болып отыр.