Үндістан Республикасы Қарулы Күштерінің мобильді-жаттықтыру тобы екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Ливанға аттанатын екінші қазақстандық бітімгершілік ротаның жеке құрамымен сабақтар өткізуде.
Сабақтар бағдарламасы бітімгершілік миссиялардың негізгі түрлері бойынша ауқымды теориялық блокты, сондай-ақ әскери-азаматық қатынастың құқықтық аспектілері мен қақтығыс аймағында бейбіт халықтың қорғалуын қамтиды.
Сабақтар барысында қазақстандық бітімгершілер БҰҰ-ның миссияларында қажет құжаттарды, күштерді қолдану қағидалары мен директиваларды, операциялардың тұжырымдамасын, жауынгерлік бұйрықтар мен т.б. зерделейді. Теориялық блокты мұқият зерделеп, әскери қызметшілер практикалық сабақтарда гуманитарлық жүкке ілесіп жүру, әртүрлі шиеленістерді шешу жөніндегі тапсырмаларды пысықтайды, жедел базаны ұйымдастыру мен күзету, блок бекеттерді өрістету мен БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы шеңберіндегі өзге де тапсырмаларды білетіндерін паш етеді. Қазақстандық бітімгершілер үшін тренингтің шарықтау шегі оқу-жаттығу полигондарының бірінде өтетін «Көгілдір дулығалар» оқу-жаттығуы болады. Қазақстандық бітімгершілік полктің алғашқы құрама ротасының әскери қызметшілері 2018 жылғы қазаннан бастап Ливан Республикасында бітімгершілік миссияны ойдағыдай орындап жатқандарын айта кету қажет. 120 әскери қызметші БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медальдарымен марапатталды. Қазақстандық бітімгершілердің ротациясы 2019 жылғы мамырда өтеді.