Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Елордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 09:00-ден бастап мобилді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» деген жазуы бар автобустарда қабылдап жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды

Мобильді топтар азаматтарға жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлікті алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша кеңестер беруде. 

Акция «Алма» сауда үйі ауданы (Республика даңғылы, 45),  «Mega Silk Way» сауда-ойын сауық кешені (Қабанбай батыр даңғылы, 62),  «Astana Mall» сауда-ойын сауық кешені (Тәуелсіздік даңғылы, 34), «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы»  ауданы (20-40 көшесі), Орталық сауда кешені (Алаш тас жолы) және Алматы ауданының мемлекеттік кірістер бойынша басқармасының ауданы (Жұбанов көшесі мен Абай даңғылы, 78 қиылысы) сияқты қаланың 6 аумағында өткізіліп жатыр.   

Қауырт желі нөмірлері: 8(7172)95-44-98, 76-83-65, ұялы телефон: 87070244711.